Шредерлердің құпиялық деңгейлері

Егер сізде бір кезде шредер (қағазды жоятын құрылғы) сатып алу қажеттілігі туындаса, онда әр түрлі модельдердің техникалық сипаттамаларын салыстырғаннан кейін, сізде: «әрбір модельдегі құпиялық деңгей (әрбір модель үшін міндетті түрде көрсетіледі) нені білдіреді?» -деген сұрақ туындауы мүмкін.

Барлығы 6 деңгей бар, олардың әрқайсысы құжатты қалай және қанша бөлшекке кесілуіне қарай бөлінеді. Егер қарапайым тілмен айтсақ, онда құпиялық деңгей жойылған құжаттың бөлшектері арқылы қалпына келтірудің күрделілігін көрсетеді. Енді әрбір құпиялық деңгейді қарастырайық:

1-ші деңгей. Құжат ені 12мм-ге тең жолақтарға кесіледі және жолақ ұзындығы жойылатын құжаттың ұзындығына тең болады. Осылайша кесілген құжат қалпына келтіруге оңай беріледі, себебі осындай кесу технологиясы бар шредерлер алынған кесінділерді сығымдауды және араластыруды қарастырмайды, ал пайдаланушылар әдетте бұл туралы ойланбайды және жай ғана ұсақталған парақтарды тастайды,соның салдарынан жеке алынған құжаттың бөліктері бір-біріне жақын орналысады.

2-ші деңгей. 1-ші деңгеймен ұқсас болып келеді, алайда құжатты жою барысында алынатын жолақтардың ені 6 мм-ге тең болады.

3-ші деңгей. 1 және 2 деңгейден айырмашылығы жойылған құжаттың құпиялығы тұрғысынан неғұрлым құпия болып табылады, өйткені

жолақтар 2 мм-ден кесіледі. Мұндай шредермен кесілген құжатты қалпына келтіру қиын, “мүмкін емес”-деп те айтуға болады.

4-ші деңгей. Бұл жағдайда құрылғыға құжаттарды жолақтарға кесу ғана емес, сондай-ақ ені 2 мм-ден және ұзындығы 15 мм-ден аспайтын бөлшектерге (немесе фрагменттерге) кесу жүктеледі. Құпия қағаз-құжаттарды жоюға қолайлы болып саналады.

5-ші деңгей. Алдыңғы деңгейдегі сияқты кесу технологиясы бірдей, бірақ қағаз-құжаттарды ені 0.8-1 мм және ұзындығы 12 мм бөлшектерге ұсақтайды. Қарапайым А4 парағы 2000 бірдей бөлшектерге кесіледі, яғни жойылған құжатты қалпына келтіруге мүмкіндік болмайды.

6-шы деңгей. Кесілген парақтың бөлшектері ені 0.8 мм, ұзындығы 4 мм тең болады. Ең жоғары қауіпсіздік деңгейі.

Қорытындылай келе – 1-2 құпиялық деңгейлері бар шредерлер үйде пайдалануға немесе жойылатын ақпарат қалпына келген жағдайда зиян келтіре алмайтын кәсіпорындарда қолдануға арналған. 3-4-ші деңгейлі қатаң құпия деректерді қамтитын компанияларда қолданылады, мысалы: банктер, сақтандыру компаниялары және т. б., оның себебі жойылған құжатты қалпына келтіру мүмкін емес дерлік. 5-6 сыныптар үкіметтік ұйымдарда пайдаланылады және ең жоғары құпиялылық деңгейін ұсынады.