Сияның дәстүрлі түрлері

Бұл шағын мақалада біз жазу мен басып шығару кезінде қолданатын сияның қандай түсі стандартты (немесе дәстүрлі) деп санауға болатын туралы сөз қозғаймыз.

Бұрыңғы кезде сия маймен күйені араластыру арқылы дайындалған, кейінірек оларды қара ырғай(бузина) жидектерінен, аздаған темір купоросының қоспасымен пісіре бастады. Сәйкесінше, осыдан сия атауы пайда болды, өйткені алынған қоспа қара болды(чернила-черный). Қазіргі кезде заманауи сия – фуксин, индиго және басқа да түрлі бояғыш заттар мен еріткіштерден жасалған бояғыш болып табылады. Сияны негізгі қолдану аясы – жазу қаламдары мен баспа картридждерін толтыру.

Қаламдарда жалпы қабылданған түс көк немесе патшалық көк болып саналады. Неліктен көк? Біріншіден, көк сия арзан щикізаттан жасалады. Екіншіден, қазіргі әлемде құжаттардың ақ-қара баспа көшірмелері мен қолжазба материалдарының көп жасалады (себебі, түрлі-түсті принтерлердің бағасының жоғары болуынан түсті көшірмелер қымбаттырақ тұрады). Сондықтан да қолдан жазылған мәтіндер көк сиямен жазылады, және өз кезегінде, құжаттарға көк сиямен қол қойылады, себебі солай болмаған жағдайда түпнұсқа ақ-қара көшірмеден ажыратылмайтын еді. Енді неге корольдік көк? Бұл сұраққа өте қарапайым жауап бар – Ұлыбритания патшайымы Шарлотта Мекленбург-Стрелицкая үшін тігіншілер дәл осындай түсті көйлек тіккен. Содан бері бұл түс «корольдік көк»деп аталады. Патшайымның осындай түсті тандаған себебі, көк түсті бояғыштар көбінесе «индиго» өсімдігінен жасалды, ал XVIII ғасыр үшін бұл өте сирек және қымбат өсімдік болып табылды. Осылай «ақсүйектер» халыққа өз жағдайың,беделің көрсетуге жаңа әдісін тапты)

Сия картридждерінде негізгі түс ретінде қара түс қолданылады – бір қарапайым себептен – «ақ-қара» принтерлер «түсті» принтерлерден әлдеқайда арзан