Реңктеуіштер (тонерлер) және олардың жіктелуі

Реңктеуіштерді(тонерлер) жіктеуге көшпес бұрын, алдымен «принтер үшін реңктеуіш деген не?» – деген сұрақ туындайды.

Қарапайым тілмен айтқанда, реңктеуіш — бояғыш зат, дәлірек айтқанда-лазерлік принтерлерге арналған картридждерді толтыратын ұнтақ (алдын ала айта кетейік, ағынды принтерлер өз картридждерінде сияларды пайдаланады). Реңктеуіштерді қолдану мақсаты – картридж-дерді қайта толтыру,себебі ол жаңа катриджді сатып алудан әлде-қайда арзан. Енді реңктеуіштердің жіктелуін қамтамасыз ететін қасиеттерге көшейік.

Түсі. Мұнда бәрі қарапайым – реңктеуіш қара немесе түсті болуы мүмкін. Реңктеуіштің түсі оның құрамына кіретін пигментіне тәуелді болады. Барлығы негізгі төрт түс бар – қара, көк, қызғылт және сары (CMYK түсті гаммасы).

Өндіріс технологиясы. Реңктеуіштер екі жолмен алынуы мүмкін. Бірінші тәсіл – химиялық жол, яғни микро-суспензиялық полимеризацияның көмегімен арнайы реакторларда қажетті мөлшердегі бөлшектерді (ұнтақты) «өсіру» немесе қарапайым сөзбен айтқанда – синтез. Екінші әдіс – механикалық, яғни полимерлі массаны ұсақтау, басқаша айтқанда – қатты негізді ұсақтайды, содан кейін алынған ұнтақты елейді, қажетті мөлшердегі бөлшектерді алу үшін. Әрине, химиялық жолмен алынған реңктеуіштің бөлшектері дұрыс болып келеді, яғни бірнеше артықшылықтар береді, атап айтқанда:

– оның көмегімен алынған суреттің сапасының деңгейі жоғары болады, өйткені «дұрыс» бөлшектер фотобарабаннан қағазға жақсы тасымалданады және соның салдарынан оның тегіс емес жақтарын жақсы толтырады және жасырады;

– суретті басып шығару кезінде бірдей «дұрыс » бөлшектердің арқасын- да реңктеуіш-ұнтақтың жұқа қабаты төселіп-басылады, нәтижесінде бір парақты басып шығару тиімдірек болып, толтырылған картридж ұзаққа жетеді.

Магниттік қасиеттері. Реңктеуіштер магнитті және магнитті емес болуы мүмкін. Егер реңктеуіштің құрамында темір оксиді болса, онда ол магнитті немесе екі компонентті реңктеуіш болып табылады, өйткені олар реңктеуіш рөлінде де, фото-пленканы корсетуші (проявитель) рөлінде де әрекет ете алады және олар Kyocera және Canon компанияларының принтерлерінде қолданылады. Бір компонентті реңктеуіштер темір оксидің аз мөлшері қолданады немесе мүлдем қоспайды және ол Sharp, Ricoh, Samsung принтерлерінде қолданылады.

Заряд. Реңктеуіш оң немесе теріс зарядталуы мүмкін. Реңктеуіш зарядының белгісін басып шығару түрі мен фотобарабан зарядының сәйкестігін анықтау маңызды. Мысалы, теріс зарядталған реңктеуіштер мен фотобарабандар HP, Canon, Samsung және т.б. фирмаларымен пайдаланылады., оң зарядталған реңктеуіштер мен фотобарабан -Kyocera, Brother (сандық баспа түрі), оң зарядталған реңктеуіш және теріс зарядталған фотобарабан — Canon, Xerox, Sharp және т.б., теріс зарядталған тонер және оң зарядталған фотобарабан – Mita.

Реңктеуіштерімен қолданған кезде аздаған қауіпсіздік ережелерін сақтау керек, себебі олар тыныс алу жолдарына түскен кезде адамға зиян келтіруі мүмкін.